«БИБІ-АЖАР» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ» ЖШС

«БИБІ-АЖАР» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Арыс ауылында, Парасат көшесі №1 ғимаратта орналасқан «Бибі-Ажар» бөбекжай-балабақшасы ЖШС мекемесінің ғимараты туралы мәліметі төмендегідей:
Балабақша ғимараты ыңғайластырылған 2 қабатты  заман талабына сай салынған мекеме.  Балабақшаның негізгі жобалық қуаты 50 орынға, 2 топқа арналған, 2  топтың  сыртта 2 ойын алаңы бар.
 Балабақша 2016 жылы қолданысқа берілген, ал қазіргі таңда 50 баланы қамтып, 2 (екі) топ жұмыс жасайды. Балабақшада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ішкі және сыртқы бейне бақылау жүйесі орнатылған, атап айтқанда 6 нүкте ішке, 2 нүкте сыртқа орнатылған, сонымен қатар FACE ID жүйесі орнатылған. Компьютер саны 4,  бар.
Балабақшада медицина бөлмесі, 2-топқа арналған 2 ойын бөлмесі және жатын бөлмесі-2, әдіскер-психолог кабинеті-1, медбике бөлмесі-2, кір жуатын бөлмесі-1, асхана, 2 топтың жеке-жеке жуынатын бөлмелер, әжетханалар іште орналасқан. Балабақшаның жылу жүйесі пеш арқылы табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған.
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығының «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын құралдармен және жиһаздармен жабдықтау нормаларына» сәйкес. Қызметкерлер саны 17, оның педагог саны  – 6, меңгеруші, саз жетекші- 1, әдіскер-психолог-1, тәрбиеші – 4,